Оқушылардың қауіпсіздігі туралы
2022 жылдың 5 желтоқсан күні барлық сыныптарда қауіпсіздік туралы сынып сағаттары өтті. Онда білім беру ұйымының аумағында өрттің (жарылыстың) пайда болу себептері, өрт қауіпі туындаған кездегі білім алушылардың іс- әрекеттері, террористің сыртқы белгілері, білім беру ұйымына террорист шабуыл жасаған кездегі білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) іс-қимылы, қауіпті немесе күдікті затты тапқан адамдар дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" (егер ол тәрбиеленуші немесе білім алушы болса, онда тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне) бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлайтындығы және шұғыл ден қою күштері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болу керектігі және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуға тиіс екендігі, білім беру ұйымдарына адамдарды кепілге алуы, кепілге алу кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша ақпараттар айтылып, оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.