Қыздар жиналысы
Дата: 2023-01-18 22:35:14
2023 ж қаңтар айының 18- жұлдызында лицейімізде 5-6сынып қыз балалар арасында Садыканова Б.Ж және Касенова А.Б ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын , салт -дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерін баулу, тәрбиелеу.Қыз -ата-ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі.Қыз балаларға үлкендерді құрметтеу, қадірлеу, сыйлау керектігі жайында толық мәліметтер берілді.