Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі
Дата: 2022-12-16 00:29:47
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Абай атындағы № 2 мектеп –лицейі» КММ-нің 2-11 сыныптарында мерекеге орай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында бұл күннің маңыздылығы түсіндіріле отырып, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымыздың, тәуелсіздік үшін күрескен ата - бабаларымыздың ерен еңбектері туралы айтылды.