Терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс- қимыл алгоритмі
Дата: 2022-10-29 17:03:48
2022 жылдың 27- 28 қазан күндері Абай атындағы №2 мектеп – лицейнің сынып жетекшілері кестеге сай бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс- қимыл алгоритмі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында қауіпті немесе күдікті затты тапқан адамдар дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" (егер ол тәрбиеленуші немесе білім алушы болса, онда тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне) бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлау керектігі, шұғыл ден қою күштері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болатындықтары және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуға тиіс екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса терроризм қаупі туындаған кездегі білім алушылардың іс-әрекеттері туралы нұсқаулықпен таныстырылды.