"Тоғызқұмалақ" үйірмесі

Дата: 2022-01-31 09:45:11

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, үйрету мақсатында  Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі З.Ахметтің ұйымдастыруымен "Тоғызқұмалақ" үйірмесі жүргізілуде. Бұл ойын - оқушыларымыздың  дүниетанымын кеңейтуде, ой-өрісін дамытуға ықпал етуге көп әсерін тигізері сөзсіз. Келешек ұрпақты ежелден келе жатқан ұлттық ойынды қастерлеуге және жалғастыруға тәрбиелеу мақсатындағы үйірмеге оқушылар  белсенді түрде қатысып, қызығушылықтары артуда.