«Экологияға алғашқы қадамдар» атты сынып сағаттары
2020 жылдың 5 қазан күні 1- сыныптар «Экологияға алғашқы қадамдар» тақырыбында, 2- сыныптар «Мен табиғатты танып, білемін». «Су- сен өмірсің!» тақырыбында, 3- сыныптар «Экология әлеміне саяхат». «Менің экоүйім және ондағы барлық нәрсе» тақырыбында, 4- сыныптар «Танымдық экология». «Табиғатты сақтау – өмірді сақтау» тақырыбында, 5-сыныптар «Жер – біздің ортақ үйіміз». «Табиғат қателікті кешірмейді», 6- сыныптар «Табиғат – әдемі әлем». «Жердегі өмірдің пайда болуы» тақырыбында, 7- сыныптар «Экология – үй туралы ғылым». «Қызыл кітап- дабыл сигналы» тақырыбында, 8- сыныптар «Көкжиектерді аша отырып». «Планетамызды сақтаймыз» тақырыбында, 9- сыныптар «Денің сау болсын десең, табиғатқа қамқор бол» тақырыбында, 10- сыныптар «Табиғатты қорғау- әрқайсымыздың ісіміз», «Экологиялық орта», 11- сыныптар «Аймақтың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматта сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың бойында экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы сананы қалыптастыру, жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.