Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, 2010 жылғы 29 қаңтар

Дата: 2013-11-09 07:21:05

Қадiрлi қазақстандықтар!

      Ел тарихының ХХI ғасырдағы аса бiр күрделi кезеңi аяқталып келедi. Дүние жүзiнiң экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлi басыла қойған жоқ. Алайда ол өзiнiң алғашқы алапат қуатынан айырылды. Бiз тастүйiн дайын болғандықтан, оның салдары бiздiң елiмiз үшiн соншалықты ауырға соққан жоқ.
      Дағдарысқа дейiнгi кезеңде бiз Қытай, Үндiстан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейiне көтерiлдiк. Өйткенi бiз оған қалай қол жеткiзуге болатынын бiлдiк.
      Бәрiн дұрыс жоспарлап, сауатты iске асырғандықтан, бiздiң дамуымыз сәттi болды.
      Бiз жасампаздыққа жұмыла кiрiскендiктен, дамудың даңғыл жолына түстiк.
      Толағай табыстарымен дүние жүзiн мойындатқан Қазақстанның әлеуетi артып, экономикасы серпiндi бола түстi.
      Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бiрлiктiң өнегелi үлгiсi ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшiлерiнен лайықты бағасын алды.
      Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзiнiң басҒтаҒмалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
      Жасампаздық қуатымен дүние жүзiнде даңқы артқан Қазақстан әлемдi өз жетiстiктерiмен таң қалдырды.
      Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелi миссиясы сенiп тапсырылды.
      Бiз жаңа онжылдығымызды әлемдiк деңгейдегi осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
      Мен бiздiң алдағы барша жетiстiктерiмiз осындай жарқын болады деп сенемiн.
      Менiң басты мақсатым – елiмiздiң алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуiн қамтамасыз етiп, жаңа мүмкiндiктерге жол ашу. Бүгiнгi Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан-2030» Стратегиясын орындай отырып, бiз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендiгi мақсат – осы Стратегияның келесi онжылдығына қарай қадам жасау.

1. 2010 Стратегиялық жоспарын iске асыру – ел дамуының аса
маңызды шебi

      1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдап, бiз елдiң ұзақ мерзiмдi күн тәртiбiн, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейiн олар 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамытылды.
      Сөйтiп бiз қалай жоспарласақ, солай өмiр сүрдiк және мынадай нәтижелерге қол жеткiздiк.
      2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екi жыл бұрын, бiз республика IЖӨ-сiнiң көлемiн екi еселедiк және мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн тиiмдi орындадық.
      Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшерi 3 есеге өстi.
      Өмiр сүрудiң ең төменгi деңгейiнен аз табысы бар халықтың үлесi 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейiн) азайды.
      Халық денсаулығының негiзгi көрсеткiштерi жақсарды. Күтiлетiн өмiр ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейiн ұлғайды. Ана өлiмi екi есеге азайды, бала туу бiр жарым есеге өстi.
      Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
      Бүгiнде бiзде әлемдiк деңгейдегi медициналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
      Биылғы жылы Кардиохирургия орталығын iске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда.
      Осының арқасында бiз өз азаматтарымыздың мыңдаған өмiрiн сақтап қаламыз!
      Бiздiң жетiстiктерiмiздi мойындай отырып, БҰҰ өзiнiң 2009 жылғы Баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетiнiң жоғары деңгейi бар елдер санатына қосты. Бұл – бiздiң өскен әл-ауқатымыздың даусыз дәлелi! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделдi, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бiрi.
      2030 жылға дейiнгi Қазақстанның Даму стратегиясының қарпi мен рухын негiзге ала отырып, бiз ХХI ғасырдың алғашқы он жылдығына белгiленген барлық мiндеттердi шештiк.

2. Дағдарыс кезеңi – дұрыс шешiмдер қабылдау уақыты

      Әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал еттi, бiрақ бiздiң дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бiзге тұрлаулылықты қамтамасыз еттi.
      Бiз елiмiздiң қаржы жүйесiн қорғап, жүйе құраушы банктердi сақтап қалдық.
      Бiз шағын және орта бизнестi қиыншылықта қалдырмадық.
      Ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекеттiк сатып алуларындағы «қазақстандық үлестiң» болмаған өсiмiне қол жеткiздiк.
      Агроөнеркәсiптiк кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттiк.
      Мемлекет үлестiк құрылысты аяқтау жөнiндегi барлық шығындарды өз мойнына алды.
      «Жол картасы-2009» бағдарламасын табысты iске асырудың арқасында ел өңiрлерiнде ТКШ-ны реконструкциялау жөнiнде 862 жоба iске асырылып, 737 шақырым электр желiсi, 1029 шақырым сумен жабдықтау желiлерi, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделдi.
      Әр ауылға дейiн жеткен мұндай аса маңызды жұмысты бiз тұңғыш рет жүргiздiк. Халық бiзге риза – бiз жақсы жұмыс атқардық.
      Барлығы да менiң бақылауыммен, жедел, жария атқарылды.
      Бiз рецессияға жол бермедiк, өйткенi, не iстеу керектiгiн бiлдiк және мұны жедел iстедiк.
      Ұлы Неру бiр кездерi былай деген екен: «Табыс кiм батыл қимылдаса, соның үлесiне жиi түседi». Ал бiз батыл қимылдадық.
      2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсiпте 1,7%-ды құрады. Бiз оң өсу қарқыны бар елдердiң «серiппелi тобына» жаттық.
      Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтерi мен активтерi бүгiннiң өзiнде 50 миллиард доллардан асып түсiп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өстi.
      Өткен жылы бiз Қор қаржысының бiр бөлiгiн жұмсадық, ал бүгiнде Қордың көлемi өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенiн атап өту маңызды.
      Қордың арқасында бiз дағдарысқа қарсы шараларды жүргiзiп қана қойған жоқпыз, сонымен бiрге мемлекетке, бiзге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған маңызды активтердi қайтардық. Бұл – Екiбастұз 1-шi ГРЭС-i, «Богатырь» разрезi, Қашағандағы бiздiң үлесiмiз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты.
      Жұмыссыздық деңгейi 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейiнгi уақыттағыдан төмен.
      Тиiмдi iске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
      Бiз төтеп бердiк. Ендi бiз 2020 жылға дейiнгi Даму стратегиясын орындауға кiрiсемiз.

3. 2020 Стратегиялық жоспары –көшбасшылыққа қазақстандық жол

      Бiзге мыналарды атқару керек:
      1. Экономиканы дағдарыстан кейiнгi дамуға әзiрлеу;
      2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебiнен экономиканың тұрақты өсуiне қол жеткiзу;
      3. Адам капиталының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн болашаққа белсендi инвестициялау;
      4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
      5. Ұлтаралық келiсiмдi нығайту, ұлттық қауiпсiздiктi арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрi дамыту.

3.1 Экономиканы әртараптандыру – табыс кiлтi

      Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестiрiлген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Еңбек өнiмдiлiгiнiң кешендi артуы аса маңызды мiндет болып табылады.
      Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бiр қызметкер жылына 17 мың доллардың өнiмiн өндiредi екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткiш 90 мың доллардан асып түседi.
      Қорытынды өте түсiнiктi – бiзге жағдайды түзету – өнiмдiлiктi арттырып, инновацияларды ендiру керек.
      Басқарудың барлық деңгейiнiң жұмысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкiметтiң басты мiндетi болады.
      Инновациялар ғана еңбек өнiмдiлiгiнiң шұғыл артуына жеткiзедi.
      Менiң тапсырмам бойынша Үкiмет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасын және Елдi индустрияландырудың егжей-тегжейлi картасын әзiрледi.
      Бұл құжат – таяудағы бес жылда бiз ненi, қайда және қашан салатынымыздың толық iс-қимыл жоспары.
      Бүгiнде әңгiме инвестицияларының жалпы көлемi 6,5 триллион теңгелiк 162 жобаны iске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел IЖӨ-сiнiң 40%-дан астамы, олар бiзге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тiкелей ашуға мүмкiндiк бередi.
      Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенiн, минералдық тыңайтқыштар өндiру жөнiндегi зауыттарды, бiрқатар iрi электр-энергетикалық стансаларды – Балқаш ЖЭС-iн, Мойнақ ГЭС-iн, Екiбастұз 2-шi ГРЭС-iнiң жаңа блогын және басқа көптеген кәсiпорындар пайдалануға берiлетiн болады.
      2014 жылға қарай бiз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкциялаймыз және бүкiл мұнай өнiмдерiнiң түр-түрi бойынша iшкi қажеттiлiгiмiздi толық қамтамасыз ете аламыз.
      Әр өңiрдегi әрбiр индустриялық жоба жергiлiктi билiктiң ғана емес, сонымен бiрге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкiл елiмiздiң жалпыұлттық мiндетiне айналуы тиiс.
      Тек осылай ғана бiз әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына ене аламыз.
      «Нұр Отан» ХДП үшiн 2020-Бағдарламасын орындау жұмыстың басты өзегiне айналуы тиiс. Ешкiм сыртта тұрмауы керек, өйткенi, тек осылай ғана бiз Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуiн қамтамасыз етемiз.
      Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiнде Премьер-Министр бастаған бiрыңғай басқару орталығы (штабы) және облыстарда әкiмдер басқаратын орталықтар құрылады. Бiз 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қалай жұмыс iстесек, солай жұмыс iстеуге тиiспiз.
      Министрлер, әкiмдер барлық ағымдағы мәселелердiң шешiлуi үшiн жауапты болады. Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да.
      Индустриялық даму – бұл бiздiң жаңа онжылдықтағы мүмкiншiлiгiмiз, ел дамуы үшiн жаңа мүмкiндiктер.
      Қазақстан табысты индустриялық держава болады – мен бұған әбден сенiмдiмiн.
      Әртараптандырудың басқа бiр маңызды сегментi агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту болып табылады. Оның дамуы негiзгi үш бағыт бойынша жүруi керек.
      Бiрiншiден, негiзгi салмақ еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына түсiрiлуi тиiс.
      Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi ең төменi және жылына бiр жұмыс iстеушiге 3 мың доллар шамасында келедi. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткiш 50-70 мың долларды құрайды екен.
      Ауыл үшiн өсу перспективасы мiне осында. Сондықтан бiздiң мiндетiмiз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсiптiк кешенде өнiмдiлiктi кем дегенде екi есе арттыру.
      Бұл күрделi мiндеттi аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауылшаруашылық шикiзатын қайта өңдеудi шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдiк тәжiрибенi пайдалану, оны бiздiң ауыл шаруашылығымызға жедел ендiру керек.
      Екiншiден, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
      2014 жылға қарай азық-түлiк тауарлары iшкi рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнiмдерi құрауы тиiс. Бiзде бұл үшiн мүмкiндiктер бар.
      Үшiншiден, экспорттық әлеуеттi iске асыру, бiрiншi кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерiнiң рыноктары.
      Бiз қазiрдiң өзiнде «Жетiген-Қорғас» және «Өзен-Түркiменстанмен мемлекеттiк шекара» темiр жол желiлерiн салып жатырмыз, олар iс жүзiнде бiздiң өнiмдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерiнiң рыноктарына жол ашады. Бiз салуға кiрiсетiн «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы – тауарлар үшiн маңызды магистраль.
      «Болашақтың экономикасы» секторларына жеке тоқталғым келедi. Нәтижелi де тиiмдi қызмет ететiн ұлттық инновациялық жүйе оның негiзi болуы тиiс.
      Бiзде қазiрдiң өзiнде бұл бағыттағы әзiрлiктер бар. Бiз одан әрi iлгерi кетемiз. Жаңа Университеттiң аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.
      Өмiр туралы ғылымдар орталығы органдарды көшiру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдiк жетекшi ғылыми орталықтармен бiрлескен әзiрлiктер жүргiзедi.
      Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерiмен айналысатын болады.
      Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады.
      Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады.
      Үкiметке бiздiң индустрияның 2010 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдiң ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейiнгi салааралық жоспарын әзiрлеудi тапсырамын.
      Сондай-ақ, «Ғылым туралы» жаңа заңның әзiрленуiн жеделдету қажет.
      Бұл бiздiң болашақ дамуымыз үшiн маңызды.

3.2 Сауатты сауда саясаты – экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгiне қолдау

      Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерiстердiң белсендi қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы – бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серiппелiлiгi.
      Үш ел интеграциясының келесi кезеңi 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң қалыптастырылуы болады. Бұл капитал мен жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысы қамтамасыз етiлетiн интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейi. ТМД-дағы өңiрлiк экономикалық бiрлестiктерге қолдау бiлдiре отырып, Үкiмет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетiн жағдайларда Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру үдерiсiн жандандыруы тиiс.
      Қазiрдiң өзiнде бiздiң кәсiпкерлерге жаңа мүмкiндiктердiң пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөнiндегi тиiмдi стратегияларды әзiрлеумен байыпты айналысу, бәсекелестiк артықшылықтарды өсiре түсу маңызды.
      Әрине, айтылып жүргенiндей, «бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бiрақ та өмiрiң нашар». Ал қазақстандықтар жақ

Автор: №9 ОМ