Жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Дата: 2019-12-25 14:12:35
Жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
Мектебімізде 21.12.19 күні "Оқушы – ұстаз – ата-ана" үштік одақ ынтымақтастығы тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Д.Жолдасова сөз алып, басты мақсатымыз қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнатып, ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салып, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе отырып қарастыру.Сондай - ақ биылғы оқу жылының І жартыжылдығының жұмысына мектеп басшысы есеп беріп,мектептің тынысына, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқандары үшін"Ата- ана ісі- балаға өнеге" ұранымен ата - аналарымыз алғыс хатпен марапаттады. Ата- аналардың құрметіне мектебіміздің мақтаныштары өз өнерлерін тарту етті.
Автор: №9 ОМ