Күзгі демалыс уақытындағы профилактикалық іс-шараға байланысты жүргізген рейдтің қорытындысы.

Дата: 2019-11-05 11:28:56
 Күзгі демалыс уақытындағы  профилактикалық іс-шараға  байланысты жүргізген рейдтің  қорытындысы.

28.10-04.11. аралығында Балқаш қаласы ЖББ №9 орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында күзгі демалыс уақытында   кешкі 22.00-ден түнгі 24.00 аралығында мұғалімдер құрамынан құрылған 8 «мобилдік топ» мектеп әкімшілігінің басшылығымен рейд жүргізді. «Түнгі қаладағы балалар» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс шараға 22 мұғалім, 12 ата-ана қатысты.  

Алдын алу рейді шеңберінде жайсыз отбасыларға бару, пайдаланудың әр түрлеріне тап болған, шылым, ішімдік өнімдері мен есірткі заттарын қабылдаудың зияндылығы жайында ақпараттық түсіндіру, балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету жұмысын жүргізу жоспарланды. Аталған жоспарға сай рейдтік іс-шараға 9 жасөспірім отбасының үйін аралау рейді өтті.

Рейд барысында Алимжанова, Сейфуллин, Желтоқсан, Ленина көшелері, мектеп маңы, көшеде орналасқан түгел дүкендер араланды. Сонымен қатар, «Мега» интернет клубы, «Достар», «Алтын Шаңырақ», «Корейская кухня», «Ким - чикен» кафелері, «Орталық кітапхана» маңы, М. Хамзин атындағы мәдениет сарайы маңы араланып, тиісті ақпарат жинақталды.

Тексерілген аймақты сараптай келетін болсақ, рейд барысында түнгі 22.00-ден 24.00-ге  ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталған жоқ. Ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ. Сонымен қатар оқудан ауытқып, бос уақытын дұрыс пайдалана алмай жүрген жасөспірімдер болған жоқ.

Автор: №9 ОМ