«Жас Ұлан» ұйымының «Сырт көзге» пікірталастың ақпараты

Дата: 2019-02-08 13:59:56
«Жас Ұлан» ұйымының «Сырт көзге» пікірталастың ақпараты

   Жас Ұлан ұйымының мүшелерімен мектебімізде әдептілік күніне орай «Сырт көзге»  тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: Қазақ ұлтының ұрпағына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, амандаса білуге, мейірімдікке, өз тілін қадірлеуге тәрбиелеу. Имандылық, үлкенге құрмет, сыйластық туралы оқушылардың көзқарастарын анықтау, ұлттық тәрбиені дәріптеу. Өзін-өзі тәрбиелеуге баулу, оқушыларды ұлттық дәстүрді бойына дарытуына тәрбиелеу.


         Оқушыларығы әділ болу. Ақиқатты мойындай білу. Шындықты мойындата білу. Себебі, ұлылық - қарапайымдылықта. Арыстан арыстан екенін білдіру  үшін аңдарға тәкаппарлана қарамайды ғой, оның жаратылысы, характері мен мінезіне қарап аңдар өздері мойындайды. Қоян қанша тәкәппарланса да, арыстан болмаған соң, амал не сырт көзге қоян болып қала береді. Дегенмен, адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Басқаларды сыйлату үшін өзіңнің тән сұлулығыңды ғана емес жан сұлулығыңды да ойлау. Өзіңді өзің сыйлап жақсы нәрселер жасасаң, басқаларға көмек берсең, олар да саған барынша көмектесіп, олар да сені сыйлайтын болады.

Автор: №9 ОМ