«Балқаш қаласы білім бөлімі ЖББ №9 орта мектеп» КММ бойынша өткен "Бала құқығы – адам құқығы" атты онкүндік ақпараты

Дата: 2018-11-30 17:06:57
«Балқаш қаласы білім бөлімі ЖББ №9 орта мектеп» КММ  бойынша өткен

"Бала құқығы - адам құқығы”  атты онкүндік іс-шара Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылды.

Қарашаның 19-ы мектебімізде 7 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»  тақырыбында  саптық жиын өтіп, онкүндік ашылды.  Әрбір сыныпта 26 – қараша  “Бала құқығы - асыл қазына” атауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді. Қарашаның 25-і «Жасөспірім және құқық» тақырыбында 9-сынып оқушыларына дөңгелек үстел өз мәнінде өтті. Құқық пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Ү.С.  оқушыларға құқықтық білім берді.«Зорлық, зомбылықсыз балалық шақ» атты суреттер галереясын қарашаның 20-нда  3-4 сынып оқушылары ұйымдастырды. Суреттер галереясынан оқушылардың  өмірге деген сүйіспеншілігін байқадық.

Қарашаның 25-і «Жасөспірім және құқық» тақырыбында 9-сынып оқушыларына дөңгелек үстел өз мәнінде өтті. Құқық пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Ү.С.  оқушыларға құқықтық білім берді.  Онкүндік барысында мектеп психологы А.Байкежан 5-6 сынып оқушыларына «Сенің құқығын» атты тақырыпта тренинг өткізді. Мектеп психологымен ашық әңгімелесіп,  өз құқықтары жайлы білімдерін арттырып, қойған сұрақтарына жауабын тауып, жақсы көңіл-күйде қайтты.

Ал, қарашаның  26-ы 7-8 сынып оқушыларына аға тәлімгер Есен Т.Т. «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында жоғары деңгейде пікірталас өткізіп, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сақтау мақсатында  бейнероликтер көрсетті.  Қарашаның 27-і «Қазақстан Республикасының бала құқығы заңды түрде орындала ма?» тақырыбында әлеуметтік педагог Тайкен А.Ф. 10-11 сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырды. Дебат мақсаты - жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру,  оны насихаттап жүруге үйрету.

Қарашаның 27-і «Қазақстан Республикасының бала құқығы заңды түрде орындала ма?» тақырыбында әлеуметтік педагог Тайкен А.Ф. 10-11 сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырды. Дебат мақсаты - жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру,  оны насихаттап жүруге үйрету.

Автор: №9 ОМ