Көктем демалыс іс шарасының ақпараты

Дата: 2018-03-31 20:23:13
Көктем демалыс іс шарасының ақпараты

    29.03.18 күні 5а ,ә сыныптар арасында Бекмұрзаева Н.«Менің елім -  Қазақстаным» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.

29.03.2018 күні 4а,ә,б сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.Оқушылардың жан –жақты ойлауын,ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру мақсатында.

29.03 күні 7-8-9 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Волейбол ережемен ойнау» ойындарын ұйымдастырды. Мақсаты оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру, допты қабылдауға ақыл – ойын жетілдіру.

30.03.2018жылы жұлдызында 3б сынып жетекшісі «Мемлекеттік рәміздер жастарды патриоттыққа тәрбиелейді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін , оны ерекше құрметпен мақтан  тұту керектігін ұғындыру мақсатында өткізілді. 

30.03 күні 11 сынып жетекшісі «Мамандық таңдай білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушыларға болашақ мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында өткізілді. 

  30.03 күні 4 сыныптар арасында Ш. Каревна «Білімді бала ел- ертеңі» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

31.03. күні 6-8-7сыныптар арасында «Жас құтқарушы» тақырыбында АӘД пәні мұғалімі сайыс ұйымдастырды.Сайысқа 8а, 8ә, сынып оқушылары аса жоғарғы жауапкершілікпен қатысты.

31.03. күні  5-6 сыныптар арасында   «Денсаулық –зор байлық» эстафеталық сайыстар ұйымдастырылды.

Автор: №9 ОМ