Кітапханада Жеңіс күніне орай «Жарқын күнге жеткізген Ұлы жеңіс» атты кітап көрмесі жасақталды

Дата: 2017-05-11 05:07:17
Кітапханада Жеңіс күніне орай  «Жарқын күнге жеткізген Ұлы жеңіс»  атты кітап көрмесі жасақталды

Жеңіс күніне орай 06.05.2017ж. кітапханада «Жарқын күнге жеткізген Ұлы жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

Ұлы Отан соғысының жеңісіне биыл 72 жыл толып отыр. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні  біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігімен, ер жүректілік пен төзімділіктің және каһармандықтың символы.

Кітап көрмесінде оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сонымен қатар  Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Б.Бұлқышевтің «Заман біздікі», М.Ғабдуллиннің «Сұрапыл жылдар», орыс тілінде  «День победы», «Герои и подвиги» т.б кітаптары оқуға ұсынылды. 

Автор: №9 ОМ