«Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Ы.Алтынсариннің шығармалары – балалар танымының бастау көзі» атты кітапхана сағаты

Дата: 2017-03-16 03:38:32
«Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы аясында  «Ы.Алтынсариннің шығармалары – балалар танымының бастау көзі»  атты кітапхана сағаты

 Оқушылардың  кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында наурыз айының 13-і күні кітапханашы Р.Каукербекованың ұйымдастыруымен  «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Ы.Алтынсариннің шығармалары – балалар танымының бастау көзі» атты тақырыпта 2-4 сынып оқушылары арасында кітапхана сағаты өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы Ы.Алтынсариннің  өмірі мен шығармашылығын таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.

Сонымен қатар кітапхана сағатында  жазушының әңгімелерінен бейнебаян көрсетіліп, оқушылар Ы.Алтынсариннің шығармаларын жан-жақты талдап, қандай ой түйгендерін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздермен ұштастыра отырып, өз ойларын ортаға салды.

Автор: №9 ОМ