Ақпарат

Дата: 2024-01-16 11:33:00
Ақпарат
Мектебімізде 15.01.24 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады тақырыбында 1-5 сыныптарда ата-аналарға дәріс өтті. Ата- аналарға қоғамдағы басты мәселе ретінде онлайн-ойындардың балаларымыздың дамуы мен денсаулығына қалай әсер ететіні, компьютерлік ойындарға тәуелділік белгілері бар ойынға тәуелділіктің салдары және балаларға әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың алдын алуға көмектесу жолдары туралы ақпараттар берілді.Компьютерлік тәуелділік мәселесі жаңа және әлі аз зерттелген. Ата-аналар, егер баланың мінез-құлқында басқа айқын белгілер: ақша ұрлау, мектептен кету, қаңғыбастық сияқты ауытқулар болмаса, баланың компьютерге берілуіне назар аудармайды. Бірақ тіпті ықтимал қауіпті де бағаламауға болмайды! Жоғарыда айтылғандардың бәрінен компьютерлік тәуелділіктің алдын-алудың күрделі және ұзақ үдерісі әртүрлі әдістер мен тәрбие құралдарының жиынтығына негізделген деген қорытынды шығарлатындығын жеткізді
Автор: №9 ОМ