№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына 25.12.23 күні ZOOM платформасы арқылы «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында

Дата: 2023-12-26 09:41:19
№9 жалпы білім беретін мектебінде  1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына              25.12.23 күні  ZOOM  платформасы арқылы «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»  тақырыбында ата- аналар жиналысы  өтті. Жиналыс барысында

№9 жалпы білім беретін мектебінде  1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына    25.12.23 күні  ZOOM  платформасы арқылы «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»  тақырыбында ата- аналар жиналысы  өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Д.Жолдасова  «Даналық» мектебінің жұмысарына, мектеп жетістіктерін, жыл көлемінде атқарылған  жұмыстарға тоқталды.  «Қауіпсіздік ережелері», «Қысқы демалыс уақытында оқушылардың демалысын ұйымдастыру», жасөспірімдердің түнгі уақыттағы заңды өкілсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы,  құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында, қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне байланысты сабақтардың ұйымдастырылуы, алда келе жатқан мерекелік демалыс күндерінде оқушылардың ата-анасының қарауынсыз қалмауы туралы ақпараттар берілді. Қысқы  демалыс уақыты  29.12.23-7.01.24 күндер аралығында оқушылар ата-анасының қарауынсыз қалмауы, түнгі жүрістері  туралы тоқталды. Балқаш қаласы  ЖПКБ ЮПТ  учаскелік полиция аға  лейтенанты Қоразбаев Н.А,  қала прокурорының прокуроры Қуанышбек А.Қ.  ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі, ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпараттар берді. Құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанова қысқа демалыс кезіндегі көлдегі қауіпсіздік ережелері жайында айтып өтті.

Автор: №9 ОМ