«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» аясында өткізілген сынып сағатының ақпараты

Дата: 2023-12-11 15:50:21
«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» аясында өткізілген сынып сағатының ақпараты

 

 

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,  құндылықтарды  оқушы бойына сіңіре отырып,  «Рәміздер – елдігімнің реңі, тәуелсіздігімнің тірегі», «Қазақстан–біртұтасжер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» тақырыптарында 1-11 сыныптарда сынып  сағаттары өтті.Тәуелсіздікке жету үшін бабаларымыз қыршын жанын қиылып,  әділетсіздікке қарсы тұрды. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктері талқыланып, сынып сағаттарында  оқушылармен әртүрлі  тапсырмалар орындалды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміз шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.

 




Автор: №9 ОМ