Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағының ақпараты

Дата: 2023-11-10 11:31:04
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының   сабағының ақпараты

Мектебімізде  9.11.23  күніАта-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады» тақырыбында 9 Б  сынып жетекшісі Г.Т. Джакупжанова   ата -аналарға сабақ өткізді. Ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ата- аналарға  өсіп келе жатқан баланың өміріндегі дағдарыс жасы және осы кезеңдегі мәселелерді шешудің кілтін қалай табуға болатындығы туралы ақпараттар беріліп, топтық жұмыстар орындалды. 

   Директордың тәрбие ісі -жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова  «Біртұтас тәрбие бағдарламасының»  Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатын айтып, «Ұлттық мүдде»,«Ар-ұят», «Талап» құндылықтарына тоқталды.

Автор: №9 ОМ