№9 жалпы білім беретін мектебінде 02.11.23 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2023-11-06 10:28:43
№9 жалпы білім беретін мектебінде 02.11.23 күні өткізілген   ата-аналар жиналысының ақпараты

     №9 жалпы білім беретін мектебінде  02.11.23 ж. күні  ZOOM  платформасы арқылы 1-11 сыныптың ата –аналарына директор сағаты  өтті. «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектебінің   мүшелері  қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны 102.      

    Мектеп директоры Д.Жолдасова  І тоқсанның қорытындысы, оқушылардың жетістіктері жайлы тоқталды.                             

   ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен  таныстырылды. 2023-2024 оқу жылында мектебімізде  «Біртұтас тәрбие бағдарламасының»  іске  қосылды. Біртұтас тәрбие бағдарламасы 3 негізі тәрбие құндылықтарына негізделген, Ар- ұят, Талап, Ұлттық мүдде. Ата-аналарды педагогикалық қолдау  бағдарламасын іске асыру бойынша қызметі ұйымдастырылған. Орталық аясында «Даналық мектебі» құрылып,  «Аба» әлемі» аталар,  «Асыл әжелер», «Қыран» ағалар,  «Асылым» жеңгелер  мектебінің  жұмыстары  атқаралып жатыр. Әр сексияның жылдық жұмыс жоспары жасалынғанын,  осы жоспар аясында жұмыс жасап жатқандарына тоқталды. Күзгі демалыстағы қауіпсіздік ережелері жайында,   құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі, сабақтан  себепсіз  қалу жайында мектеп инспекторы А.АНұрбек айтып өтті. «Жасөспірім және есірткі» тақырыбында  қала прокурорының прокуроры А.Қ. Қуанышбек ата – аналарға есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын, пайдалануын алдын алу. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті болып жатқанын ескертті. Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылатындығын айтып өтті.Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары  өз ойлары мен пікірлерін білдірді. 

Автор: №9 ОМ