Дөңгелек үстел ақпараты
Дата: 2023-11-01 13:19:02
Мектебімізде 01.11.23 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық» мектебінің «Асыл» әжелер, «Абай әлемі» аталар мектебімен дөңгелек үстел өтті. Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында «Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы», «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыптары талқыланды. Арнайы көш бастап жүрген қариялар құрамымен таныстырылды. «Балам – балым, баламның баласы – жаным» дегендей, ата-әженің тәрбиесін алып, өскен бала жаман болмайды дегім келеді. Керісінше, даналық ойларды, үлкеннің өнегесін бойына сіңіріп өседі. Ата-әже тәрбиесі – қазақы тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі.