Сынып жетекші сағаты

Дата: 2023-11-01 14:16:29
Сынып жетекші сағаты
№9 жалпы білім беретін мектебінде 31.11.23 күні «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында сынып жетекші сағаты өтті. Сынып жетекшілер І- тоқсанның қорытындысы, «Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, тамақтануды ұйымдастыру және тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету уақыттары хабарлады. Оқушы бейнесі,оқушылардың сабаққа келуі жайында ақпараттар берілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары айтылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатын айтып, «Ұлттық мүдде» , «Ар-ұят», «Талап» құндылықтарын талқылап ойларын айтты.
Автор: №9 ОМ