«Ұлағат» әкелер ұйымының жұмысының ақпарат

Дата: 2023-10-27 10:25:09
«Ұлағат» әкелер   ұйымының жұмысының ақпарат

Мектебімізде 26.09.23    күні   «Ұлағат» әкелер ұйымының жетекшісі Р.Кашымбекованың  ұйымдастыруымен «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  1-11 сынып оқушыларының  әкелері  қатысты. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Қазір қоғамда өзекті діни экстремизм мен терроризмнің,құқық бұзушылықтың алдын алу , бала тәрбиесінде Әкенің алар орны, мектеппен ата-ана арасындағы байланыс сияқты қоғамдағы ең өткір мәселелер қозғалды. "Әр отбасы-жеке мемлекет. Бесік пен әлемді қатар тербетіп отырған ананың орны ерекше, десе де әркез әке бір саты жоғары тұрған. Өйткені, бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайтын қағида бар. «…Қазақ халық даналығында «Әке көрген оқ жонар…» дейді. Мұның астарында отбасы тірегінің тәлімін алған бала ұлтжанды, ер жігітке тән қасиеттерді бойына жинайды деген ұғым жатыр. Сондықтан бала өмірінде әкеге қарап өскен ұлдың ұлтқа жанашыр болатыны сөзсіз. Бұл ардақты, асқар тау әкенің тәрбиесіне ештеңе жетпейді деген сөз.

Автор: №9 ОМ