9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар ақпараты

Дата: 2015-05-18 03:37:52
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар ақпараты

Жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 8 мамыр күніҰлы Жеңістің - 70 жылдығына арналған 1-11 сынып оқушыларына арналған мерекелік ашық жиын өткізілді.

Мерекелік ашық жиынды мектеп директоры Г. Әби құттықтау сөзімен ашып, өскелең жас ұрпаққа ардагерлердің ерлігін  ұмытпай, қадірлеу, құрмет көрсету қасиеттерін жеткізе сөйледі. Ашық жиын мерекелік ән-шашумен ұласты. Жас сарбаздар тобы «Соғыстан қайтқан солдаттар» патриоттық әніне көрініс қойылымын қойса, 2б сынып оқушысы  А.Игембайдың орындаған «Әкешім» әні  құлақтың құрышын қандырды. «Ақпаратты-насихаттау» тобы соғыс, Б.Момышұлы, қазақтың батырлары туралы өлеңдер оқыды.

Автор: №9 ОМ