Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәріс туралы ақпарат

Дата: 2023-10-19 11:43:32
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәріс туралы ақпарат
2023 жылдың 19 қазаны күні 7-8 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы және Жукин Ерсин Мадиулы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі жүріп–тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Оқушының түнде ата-анасыз жүруге болмайтыны, кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуге болмайтыны ескертілді.

 

Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
Автор: №9 ОМ