Ұстаздар күніне арналған құттықтау

Дата: 2023-10-06 12:42:42
Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.
Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер.
Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін.
Автор: №9 ОМ