«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу»

Дата: 2023-10-02 15:30:35
«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу»
Мектебімізде 2023 жылдың 2 қазаны 8 «Ә» сыныбы «Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі» тақырыбында үгіт насихат жүргізді. 5-7 сыныптарда «Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Қарағандыоблысыбілім09#ҚОББтәрбие#ҚОББТӘРБИЕ#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
Автор: №9 ОМ