«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» тақырыбында өткен ерлік сабағының ақпараты

Дата: 2023-05-04 16:10:35
«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» тақырыбында өткен ерлік сабағының ақпараты

    Ұлы Жеңіс күні – ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Ашық аспан үшін күрескен батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Мереке қарсаңында  4.05.23 күні «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» тақырыбында 7 Б сыныбында ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына Ауған соғысының  ардагері  НУСИПБЕКОВ КӨБЕГЕН ТОҚТАРҰЛЫ қатысты. Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келеді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Автор: №9 ОМ