Ғарышкерлер күні.

Дата: 2023-04-19 10:17:36
Ғарышкерлер күні.
Бүгін – Ғарышкерлер күні.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
 
Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Қазақ халқының да 3 ұлы ғарыш сапарында болды. 1991 жылы 2 сәуірде Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында дайындығын пысықтап, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Араға үш жыл салып Талғат Мұсабаев та ғарыш сапарына аттанды. 2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанған болатын.
Автор: №9 ОМ