«Экология және біз» тақырыбында сынып сағат ақпараты

Дата: 2023-03-27 16:05:37
«Экология және біз» тақырыбында сынып сағат  ақпараты

   27.03.23 күні «Экология және біз» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Оқушыларға ата – бабаларымыз көзіміздің қарашығындай сақтап бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты - үсті тұнған байлық екені айтылды. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану табиғаттың тепе - теңдігін бұзуға әкеп соқтырады. Бүгінгі таңда әлем алдында экологиялық талап тұр. Адам- табиғат перзенті. Оның бар өмір тіршілігі табиғат аясында өтеді. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау, адамзаттың парызы.«Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.

Автор: №9 ОМ