Ақпарат

Дата: 2023-02-27 09:26:30
Ақпарат

Ақпанның 24 күні №9 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Баубеков А.С. «Оқу процесінде оқушылардың оқу  сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» тақырыбында облыс көлемінде шебер-сынып өз тәжірибесімен бөлісті. Белгіленген семинар Зейін жобасы аясында 9 сынып білім алушыларын ББЖМға дайындау бойынша өткізілді. Тәжірибе барысында педагог күделікті білім алушылармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер бөлісті. Шебер-сынып тыңдаушылары белсенділік танытып, Аманжол мұғаліммен конструктивті диалог құрды.

Автор: №9 ОМ