«Бастауыш – білім негізі» тақырыбындағы бастауыш бірлестігі апталығының ашылуы туралы ақпарат

Дата: 2023-02-21 09:59:53
«Бастауыш – білім негізі» тақырыбындағы бастауыш бірлестігі апталығының ашылуы туралы ақпарат

2023 жылдың 20-ақпаны күні «Бастауыш – білім негізі» тақырыбында бастауыш бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Д.Жолдасова оқушылар мен мұғалімдерді апталықтың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Бастауыш сынып оқушыларынан құрылған үгіт-насихат тобы апталықтың тақырыбы туралы ақпарат берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Салгиева апталықтың мақсатын айқындап, іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.

Автор: №9 ОМ