құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2023-01-27 14:26:43
құқықтық білім беру отырысының ақпараты

2023 жылдың 27 қаңтары күні Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ полиция инспекторы А.А.Нұрбек 3-4  сынып оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Менің құқығым» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  — өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.

Автор: №9 ОМ