№9 жалпы білім беретін мектебінде 19.01.23 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2023-01-20 09:16:02
№9 жалпы білім беретін мектебінде 19.01.23 күні өткізілген  ата-аналар жиналысының ақпараты

      19.01.23 күні  облыстық білім басқармасы басшысының ұйымдастыруымен   онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы  өтті.  Жиналысқа  қамқоршылық кеңесінің  мүшелері, әкелер, аналар  мектебі қатысты. Барлығы 102  ата-ана.

Күн тәртібінде:

1. Ата-аналар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен шабуылдар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық  туралы;Баяндамашы: Қараағнды облысының Кәмелетке толмағандар ісі   жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Искакбаев Кенжебай Дарбаевич.

2. Терроризм актісі туралы жалған  қоңыраулар және олар үшін жауапкершілік;

Баяндамашы: Қарағанды облысының полиция департаментінің  жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Омарова Асель Бахытжановна

3. Есірткінің синтетикалық жаңа түрлері.Олардың пайдалану мен тарату.

Баяндамашы: Қарағанды облысының  ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы,   полковник Бузук Александр Владимирович.                                                               

    Отбасындағы және балалардағы проблемаларды ерте анықтау мақсатында,қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары жұмыс істейтіндігі айтылды. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген ұсталған кәмелетке толмағандардың бірінің ата-анасына айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек екенін ескертті.Нашақорлық және синтетикалық есірткінің мектеп пен студент жастар арасында таралуы қаупі, әке институтын нығайту және отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру жөніндегі шаралар туралы талқыланды. Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретіні жайлы айтылды. Ата-аналарға   қажетті көптеген ақпараттар беріліп,  сұрақтарына   нақты жауап алды.

Автор: №9 ОМ