«Басшы сағаты» ақпарат

Дата: 2022-12-26 09:11:18
«Басшы сағаты» ақпарат

№9 жалпы білім беретін мектебінде  1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына 23.12.22 күні  ZOOM  платформасы арқылы  «Басшы сағаты» өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Д.Жолдасова «Қауіпсіздік ережелері», «Қысқы демалыс уақытында оқушылардың демалысын ұйымдастыру», жасөспірімдердің түнгі уақыттағы заңды өкілсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы,  құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында, қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне байланысты сабақтардың ұйымдастырылуы, алда келе жатқан мерекелік демалыс күндерінде оқушылардың ата-анасының қарауынсыз қалмауы туралы ақпараттар берілді. Қысқы  демалыс уақыты  31.12.22-9.01.23 күндер аралығында оқушылар ата-анасының қарауынсыз қалмауы, түнгі жүрістері  туралы тоқталды. Балқаш қаласы  ЖПКБ ЮПТ  учаскелік полиция аға  лейтенанты  Нұрбек Аян Алтайұлы  ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі, ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпараттар берді.

Автор: №9 ОМ