“Айсамал”-“Балауса” ортаңғы топтарында ата-аналар жиналысы

Дата: 2022-12-07 12:31:30
“Айсамал”-“Балауса” ортаңғы топтарында ата-аналар жиналысы

“№9 ЖББ мектеп” КММ, “Інжу” шағын орталығында, “Айсамал”-“Балауса” ортаңғы топтарында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа әдіскер мен психолог, медбике, топ тәрбиешілері қатысты. Жиналысты психолог сауалнама алу арқылы бастады. Одан әрі психолог сәлемдесу, қызықты сұрақтар, сөйлемді аяқта тренингтерімен жалғастырды. Әдіскер шағын орталық ережелерімен, медбике санитарлық талаптармен таныстырды. Барлық ата-аналар тренингке белсене қатысып, мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Тәрбиешілер балалардың мінез-құлқы, топта өзін-өзі ұстауы жайлы айтып берді.

Автор: №9 ОМ