Ақпарат

Дата: 2022-12-01 13:07:32
Ақпарат

Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі Жұман Дина Жанаткызы 10а сыныбында алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Комбинаторика элменттері. Сабақта білім алушылар комбинаторика туралы өткен білімдерін ортаға салып, жиілік және ықтималдылық ұғымында мысал келтірді. Сабақ барысында педагог жағымды психологиялық ахуал тудыра отырып, ұжымдық, жұптық, жекелей жұмысты тиімді ұйымдастыра білді. Білім алушылар бағалау парақтарын толтыра отырып өздерінің жұмысына баға берді. Қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері сабаққа қатысып, жас педагог жұмысының оң қырларын атап өтіп, ұсыныстарымен бөлісті.

#uo_krg

#ҚОББТӘРБИЕ

@go_balkhash

# balkhash9мектеп

Автор: №9 ОМ