Ақпарат Ұстаздар күні мерекесі

Дата: 2022-09-29 17:20:41
Ақпарат Ұстаздар күні мерекесі

Сары алтындай күзіміздің аталмыш мерекелерінің бірі Ұстаздар күні келіп жетті. Осы мерекеге орай 29 қазан күні қаламыздың Мағауиа Хамзин атындағы Мысшылар сарайында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...» тақырыбында салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Бұл мерекелік концертте ұстаздық жолындағы жылдар бойғы адал еңбегі мен қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне үлесін қосқаны үшін мектебіміздің директоры Жолдасова Дина Турсыновна Қарағанды облыс әкімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі жолында Дина Турсыновнаға алғысымызды білдіре отырып, шын жүректен құттықтаймыз.

Автор: №9 ОМ