№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің ашылу салтанатының ақпараты

Дата: 2022-06-01 12:32:32
№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің ашылу салтанатының ақпараты
​2022 жылдың 01-маусымы «Халықаралық балаларды қорғау күні» №9 жалпы білім беретін мектебінің жанынан «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагері және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «2022 жыл - Балалар жылының» ашылу салтанаты өтті. Лагерьге келген 65 бала 4 топқа бөлініп, тәрбиешілерімен танысқаннан кейін көтеріңкі көңіл-күймен таңғы жаттығуларын жасап, 2 мезгіл тамақтарын ішті. «Балдәурен – балалық шақ» атты концерттік бағдарламада ән айтып, би билеп көңіл көтерді. Мектеп директоры Д.Жолдасова балаларды мерекелерімен, «Балалар жылының» ашылуымен құттықтап, көңілді жазғы демалыс тіледі. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg@balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ