Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2022-05-16 10:42:06
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2022 жылдың 16 мамыры күні Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы 7-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Қауіпсіз жаз» тақырыбында дәріс өткізді. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жүріп –тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында су қауіпсіздігі, табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Оқушының түнде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтыны, кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуге болмайтыны ескертілді. #балаларжылы09 #годребенка09
Автор: №9 ОМ