«Қамқор» облыстық кең ауқымды рейдтік іс –шараның ақпараты

Дата: 2022-05-13 10:46:46
«Қамқор» облыстық кең ауқымды рейдтік іс –шараның ақпараты
Балалар жылы аясында 2022 жылдың 12 мамыры күні сағат 15.30 бен 21.00 аралығында мектеп әкімшілігі, инспектор және ұстаздар, сонымен қатар басқа білім мекелерімен біріге «Қамқор» облыстық кең ауқымды рейдтік іс –шара ұйымдастырды. Рейдтің негізгі мақсаты –әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркеу, отбасына жан-жақты қолдау көрсету, қолайсыздық себептерін жою. Рейд қаламыздағы компьютерлік салондарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көп қабатты үйлердің ауласына, саяжайларға, темір жол, автобус вокзалдарына және орталық саябақтарда ұйымдастырылды. Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ. #балаларжылы09 #годребенка09
Автор: №9 ОМ