Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2022-04-07 15:29:26
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2022 жылдың 7 сәуірі күні Балқаш қаласы ЖПҚБ ПБ полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы 9-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар жасөсрпірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темеке, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды.
Автор: №9 ОМ