«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты

Дата: 2022-03-24 10:39:10
«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты
Көктемгі демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 19 – 23 наурызы күні аралығында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және қамқоршылар кеңесінің мүшесімен сағат 19.00 - 22.00 уақыт аралығында «Түнгі қала балалары» атты рейдтік шара ұйымдастырды.
Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көл жағасына, көп қабатты үйлердің ауласына, яғни  Алимжанова, Бөкейханова, Абай, Сейфуллина, Желтоқсан көшелерінде, жертөрелерде және орталық саябақтарда ұйымдастырылды.
 Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
Автор: №9 ОМ