Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2022-03-16 12:53:28
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты

            2022 жылдың 16 наурызы күні Балқаш қаласы ЖПҚБ ПБ полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы 5-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Жасөспірім және заң», «Қылмыстық кодексте көзделген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігі», «Көктемгі демалыс уакытындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.Сонымен қатар,  көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, құқық бұзушылықты болдырмау.

Автор: №9 ОМ