«Жолда жүру ережесін сақтайық!» іс-шарасының ақпараты

Дата: 2022-01-28 20:48:26
«Жолда жүру ережесін сақтайық!» іс-шарасының ақпараты

Мектебімізде 2022 жылдың 28 қаңтары күні жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Нұрбек ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында іс –шара өткізілді. Іс –шараның мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйретіп, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру.

Автор: №9 ОМ