Директор сағатының ақпараты

Дата: 2022-01-17 09:58:05
Директор сағатының ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына 15.01.22ж күні ZOOM платформасы арқылы «Директор сағаты» өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Д.Жолдасова 2021 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында мектебімізде жүргізілген жұмыстарына тоқталды. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту, сондай-ақ оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айттып биылғы жылы жөндеу жұмыстарына ІІІ тоқсанда жоспарланып отырған жұмыстарға тоқталды.Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша балалар мен жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында қазіргі таңда болып жатқан ахуалдарға байланысты: діни экстремизм, терроризм, коменданттық уақыт режимін бұзбауды, интернет желісінде әртүрлі видео роликтерді салмауға және саясатқа қатысты мәлімдемелер жасамау керектігін айтты.«Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды. COVID-19 індетінің алдын алу шаралары туралы, вакцинаның тиімді жақтары мен вакцина алған балалардың қазіргі жағдайы туралы, оқушылардың өзін жайсыз сезінген жағдайда не істеу керек екендігі туралы тоқталды.
Автор: №9 ОМ