№9 жалпы білім беретін мектебінде 24.12.21 күні өткізілген ата- аналар жиналысының ақпарат

Дата: 2021-12-25 09:23:46
№9 жалпы білім беретін мектебінде 24.12.21 күні өткізілген ата- аналар жиналысының ақпарат

№9 жалпы білім беретін мектебінде 6-11 сынып оқушыларының ата –аналарына 24.12.21 ж. күні ZOOM платформасы арқылы ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Д.Жолдасова, әлеуметтік педагог Ж.Төлеген «Қауіпсіздік ережелері», жасөспірімдердің түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі, мұздағы қауіпсіздік ережелері, жаңа жылдық от шашудан сақтану, туралы мәселелерге тоқталды.Қысқы демалыс уақыты 30.12.21-9.01.22 күндер аралығында оқушылар ата-анасының қарауынсыз қалмауы, түнгі жүрістері туралы айтып өтті. Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында айтты. Жиналысқа №1 поликлиника қызметкері, алдын алу бөлімінің меңгерушісі Омаров Виталий Александрович, мектеп медбикесі М.Габдуллина қатысты. Виталий Александровия ата-аналарға Пфайзер вакцинасы туралы 12-17 жас аралығындағы балаларға салынатын Пфайзер вакцинасы туралы айтылды. COVID-19 індетінің алдын алу шаралары туралы, вакцинаның тиімді жақтары мен вакцина алған балалардың қазіргі жағдайы туралы, оқушылардың өзін жайсыз сезінген жағдайда не істеу керек екендігі туралы ақпарат берілді. Жиналыс соңында ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.

Автор: №9 ОМ