«Тәуелсіздік алған күн!» тәрбие сағатының ақпараты

Дата: 2021-12-09 15:31:59
 «Тәуелсіздік алған күн!» тәрбие сағатының ақпараты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарасаңында жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында «Тәуелсіздік алған күн!» тақырыбында 9.12.21 күні ашық тәрбие сағаты 2 а сыныбында өтті.Тәрбие сағатына 1986 жылдың қайғылы желтоқсан оқиғасындағы көріністің куәсі болған мектеп директоры Жолдасова Д.,тарих пәні мұғалімі Әбдіғаппар Ү.,шақырылды. 2 а сынып оқушыларынан құрылған үгіт насихаттау тобы ақпарат беріп, желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін айтты. Келген қонақтар бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді.
Автор: №9 ОМ