7-8 сыныптар арасында «Елімнің бақытын тербеткен -- Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел

Дата: 2021-12-08 15:08:44
 7-8 сыныптар арасында  «Елімнің бақытын тербеткен -- Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел
Мектебімізде 07.12.2021ж. күні «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығына арналған 7-8 сыныптар арасында «Елімнің бақытын тербеткен -- Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің мұғалімдері Токбулатова Гульназ Темирхановна,Есжанова Гүлжан Ертайқызы. Аталған іс-шараның мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін, патриоттық сезімін ояту, еліне деген құрметті қалыптастыру, сонымен қатар «Қазақ елі жүріп өткен жол», «Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері», «Мәңгілік ел» тақырыптарында ой толғау болды. Оқушылар қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихына, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тақырыптарында ойларын ортаға салды. Кездесу барысында викториналық сұрақтар,ой толғау,постер құрастыру,видеороликтер көрсетілді. Оқушылар өз ойларымен,жеке пікірлерімен белсенді түрде бөлісті.
Автор: №9 ОМ