«Басшы сағаты» ақпарат

Дата: 2021-12-06 10:21:16
«Басшы сағаты» ақпарат
№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына 4.12.21 ж. күні ZOOM платформасы арқылы «Басшы сағаты» өтті. Жиналыс барысында «Қауіпсіздік ережелері», жасөспірімдердің түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында, қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне байланысты сабақтардың ұйымдастырылуы, алда келе жатқан мерекелік демалыс күндерінде оқушылардың ата-анасының қарауынсыз қалмауы туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар мектеп медбикесі М.Габдуллина әлемді жайлаған COVID-19 індетінің алдын алу шаралары туралы, вакцинаның тиімді жақтары мен вакцина алған балалардың қазіргі жағдайы туралы, оқушылардың өзін жайсыз сезінген жағдайда не істеу керек екендігі туралы айтып өтті. Жиналыс соңында ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Автор: №9 ОМ