18 .09.20 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2021-09-20 11:55:20
18 .09.20 күні өткізілген   ата-аналар жиналысының ақпараты
Мектебімізде 1-11 сыныптың ата –аналарына 18.09.21 күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан жиналыс өткізілді. Тоқталған мәселелер : қазіргі жағдайға байланысты санитарлық норманың сақталуы,оқулықпен қамтамасыз етілуі және мектеп формасы, қауіпсіздігі жайлы толық мәлімет берілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. 7-11 сынып ата аналарына «Мамандықтың ауқымды болашағы» тақырыбында баяндама оқылды.Биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктер айтылды, олардың қатарында 45 минуттық сабақ уақыты, және оқушылардың сабаққа келу уақыты мен ережесі хабарланды.
Автор: №9 ОМ